«Полицейлер келгенде картоп қуырып жүрген»: 13 жасар оқушы анасын өлтіріп, мәйітпен 2 апта бірге тұрған

0
5500
Advertisement

Татарстанда қашықтан үйде білім алып жатқан 13 жасар оқушы бала 36 жастағы анасын пышақтап тастаған, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Дереккөзінің мәліметінше, әйелдің мәйіті 11 қараша күні сағат 15-тер шамасында Радищев көшесінде орналасқан үйден табылған. Алайда өлім 25 қазан күні болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, анасы мен баласының арасында жанжал туындаған. Кемсітуға шыдамаған баласы әйелді өлтірген. Марқұмның анасы қызымен хабарласа алмай жатқанын айтып дабыл қаққан. Пәтерге кіре алмаған соң учаскелік полицейлерді шақырған. Полицияның айтуынша, оқушы өзін барынша сабырлы ұстап, асүйде тамақ пісіріп жүрген.

«Біз бала да өлген шығар деп ойладық. Алайда ол картоп қуырып жатқанын айтты», – дейді бала.

Кісі өлімінен кейін жасөспірім ауруханаға бағытталды. Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ресейде қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады.

 

 

 

 

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз