Полицейлер карантин режимін бұзған баланы атып тастады — Қазақстан жаңалықтары

0

Кенияның Найроби қаласында полицейлер коменданттық сағат кезінде балконда тұрған баланы атып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кения

Оқ тиген балақай көп қан жоғалтқандықтан ауруханада мерт болды. 

Бала өзінің әпкесімен бірге полицейлердің жұмысын көруге балконға шығыпты. Әпкесінің айтуынша, тәртіп сақшылары алдымен оларға қолшаммен жарық түсіріп, артынша тапаншамен оқ жаудыра бастаған. Оқтың бірі баланың ішіне тиген. Көршілері баланы ауруханаға жеткізген. Алайда жеткіншектің алған жарақаты ауыр болып, көп ұзамай ол көз жұмыпты. 

Атап кетерлік жайт, Кенияда карантин кезінде коменданттық сағатты бұзғандарға оқ атуға полицейлерге рұқсат беріген екен. Қазіргі таңда елде бұл режим енгізілгеннен бері 16 адам ажал құшқан. Жергілікті құқық қорғаушылардың бұл қылығы аурудан үрейленіп отырған адамдар үшін жығылғанға жұдырық болған сыңайлы. 

 

stan.kz