Полицейлер 104 жастағы кейуананың хатын оқығаннан кейін оны тұтқындамақ — Қазақстан жаңалықтары

0

Англияның Бристоль қаласындағы қарттар үйінде тұратын 104 жастағы кейуана темір тордың арғы жағында болып көруді армандайды. Полиция оның арманын орындау үшін, кейуананы тұтқындауға келісті.

Полицейлер 104 жастағы кейуананың хатын оқығаннан кейін оны тұтқындамақ

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Қарттар үйінің қызметкерлері 104 жастағы Энн Брокенброуды бірбеткей, алайда көңілді әрі көпшіл адам деп сипаттайды. Олар қайырымдылық жобасын ұйымдастырып, қариялардан арманын жазуын сұраған. Артынша қариялардың хаты жергілікті компаниялардың бірінің дүкендер желісіне жіберіледі. Келушілер хаттарды оқып, қарттардың арманын мүмкіндігінше орындапты.

Алайда 104 жастағы кейуананың хаты көпшілікті таңғалдырды. Энн Брокенброу өмір бойы заңға бағынып өмір сүргенін және өзін ешқашан полиция тұтқындамағанын жазыпты. Сондықтан ол өзінің тұтқындалғанын армандайды екен. 

Полицейлер 104 жастағы кейуананың хатын оқығаннан кейін оны тұтқындамақ

«Менің арманым – тұтқындалу. Мен 104 жастамын және ешқашан заңды бұзған емеспін», — дейді.

Жергілікті полицейлер кейуананың арманын орындауға келісті. Олар таяуда қарттар үйіне барып, Энн Брокенброуды қуанту үшін, оны тұтқындайды. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz