Полицейдің аяғын басып өткен ер адам теріс діни ағымның жақтаушысы болып шықты — Қазақстан жаңалықтары
Алматыда полицейдің аяғын басып өткен ер адам деструктивті діни ағымның жақтаушысы болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еске салайық, оқиға 8 сәуірде Әуезов ауданында болған. Subaru маркалы көліктің жүргізушісі полицияның тоқтау туралы талабын орындамай, қызметкерлердің бірінің аяғын басып өткен.
Ер адам көп ұзамай қамауға алынды. Оның қарулы екені белгілі болды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол айналасындағылар оны «есуас» деп санайтынын үнемі қайталап отырған.
Полиция қылмыстық кодекстің 379 бабы «Билік өкіліне бағынбау» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу барысында ұсталушының деструктивті діни ағымның жақтаушысы екені белгілі болды. Ол өзін «шәйтан мен зұлым рухтарды қуып шығаратын адаммын» деп атады.
Алайда ол өз қылмысын мойындады.
«Мен жындарды шығарамын, дуаны, қарғысты алып тастаймын және барлық эзотериялық мәселелерді шешемін. Осы оқиғада болған барлық қызметкерлерден кешірім сұраймын. Мен жаман ештеңе жасағым келген жоқ. Бұл менің қиындықтарымның кесірінен болды: мен күйзеліс жағдайында болдым. Мен олардың жұмысын бағалаймын. Олардың арқасында біздің елімізде тәртіп орнады», — деді ұсталған азамат.
stan.kz