Полицейді балағаттап, видеоға түсірген шымкенттік тұрғын кешірім сұрады (видео)
7 желтоқсанда полицейді жер жебіріне жетіп балағаттаған тұрғынға қатысты тергеу жүрді. Ол билік өкілінің намысына тиетін сөз айтқаны үшін істі болды.
Полицейге қатысты ішкі тергеу басталды. Тергеуден соң оған қандай шара қолданылатыны белгілі болады.
“Шымкент тұрғынына қатысты мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексін бұзып, жаман сөздер айтқаны үшін тергеу басталды. Мемлекеттік лауазымды қызметтік міндеттерін орындау кезінде қорлау, көпшілікке түрде жариялау” бабы бойынша іс қозғалды. Егер сіз полиция қызметкерлерінің әрекеті заңсыз деп тапсаңыз, ІІМ-нің 1402 телефон нөміріне хабарласып, шағым қалдыра аласыз. Немесе тікелей супервайзермен, прокуратурамен байланысыңыз”, – дейді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев.
Тұрғын билік өкілімен сөйлескенде шекара сақтап, сабырлы қалыпта әңгімелесу керек. Балағаттап, жеке басына қатысты сөз айтса, жазаға тартылады.
Айта кетейік, бұған дейін ер адамның полицейді балағаттаған видеосы тарап кеткен еді. Видеоны көлік жүргізушісі түсірген. Ол полицеймен сөзге келіспей қалған-ды. Кейіннен тұрғын барша полиция қызметкерлері мен халықтан кешірім сұраған видеосын жариялады.
“Мен барша полицейлерден, халықтан кешірім сұраймын. Қателік жасағанымды түсіндім. Өзімнің қателігімді ешкім қайталамаса екен деймін. Маған қатысты іс қозғалды”, – дейді ол.
Источник: Stan.kz