Полицей автоұрылар мен Денис Теннің төбелесін көрген — Ел жаңалықтары

0

Кәмелетке толмағандардың ісі бойынша инспектор Азамат Нұрпейісов Денис Теннің өліміне қатысты сотта куәлік етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Құқық қорғау органдары қызметкерінің айтуынша, 19 шілдеде ол автокөлікпен Құрманғазы көшесімен футбол ойынын «қоршауға алуға» бара жатқан. Рөлде оның серіктесі болған. Абылайхан көшесінен өтіп, Бәйсейітоваға жетпей Нұрпейісов Құрманғазының бойымен жүгіріп жүрген үш адамды көрген. 

«Олардың бірі қара жейде кигені жаяу жүргіншілерге арналған жолға жетпей Toyota Camry автокөлігінің алдынан атып шығып, капотына құлаған. Оның артынан ақ жейде киген жігіт қуалап кетті де спорт алаңына жақындағанда қуып жетті. Сосын олар ұстасты. Біз оларды ойнап жүрген шығар деп ойладық. Сосын үшінші жігіт жүгіріп кетті, ол да ақ жейдемен жүрді. Біз қатты жылдамдықпен жүрген жоқпыщ. Мен серіктесімнің тоқтауын сұрадым да оқиға орнына жүгіріп бардым. Мен жүгіріп барғанымда ақ жейде киген жігіт торға сүйкеніп тұрды, аяғынан қан ағып жатты», — деді Нұрпейсіов. 

Оның айтуынша, шабуылдаған екі жігіт Шевченкоға қарай қашқан. Инспектор оқиға орнына жігіт пен қыздың келгенін айтты. 

«Көмекке келгендерге жедел жәрдем шақыруын өтіндім. Өзім болсам, шабуылдағандардың артынан қуалап кетіп, бағыттама бердім. Онда ағаштар көп еді, сол себепті кімнің қайда екенін көру қиын болды. Шевченкоға жүгіріп барғанымша, оларды жоғалтып алдым. Осы кезде екі жігіт өтіп бара жатып, екі жігіттің Назарбаев даңғылына қарай жүгіріп бара жатқандарын айтты. Осы кезде Назарбаев даңғылы жағынан Шевченконың бойымен полицей көлігі келе жатты. Мен полицейге олардың Назарбаевқа қарай жүгіргенін, алайда оларды таппай қалғанымды айттым», — деді қызметкер. 

Осыдан кейін Нұрпейісов оқиға орнына полицейді алып келіп, өзі Назарбаевқа қарай кеткен. Ол шабуылдағандарды іздеген, болмаса шабуылдаған жігіттердің қалай қарай жүргенін көруге болатын камераларды іздеген. 

Осыған дейін, Денис Тен пышақ жарақатын алған уақытта оқиға орнына бірінші болып жеткен полицейлер сотта куәлік етті.

Оның жетістігі біреуге кедергі болған шығар — Денис Теннің анасы

Арман Құдайбергенов ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 2-тармағы («Ұрлық») бойынша, 192-баптың 2-бөлігі 1,4-тармақтары («Қарақшылық») бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары («Адам өлтiру») бойынша айыпталып жатыр. 

Нұралы Қиясов ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1, 4 -тармақтары («Ұрлық») бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары («Адам өлтiру») бойынша айыпталып жатыр.

Жанар Толыбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағы («Ұрлық») бойынша және 434-бап бойынша («Қылмыс туралы хабарламау») айыпталып жатыр.

Жай көлік айнасын ұрлау екеніне сенбедім — Денис Теннің анасы

Қылмыстық іс 38 томнан тұрады.

Еске салайық, биыл 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Адвокат: Денис Тен тапсырыспен өлтірілді

Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған «Халық қаhарманы» атағын беру ұсынылған болатын.

Сондай-ақ, мұның алдында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің өлімі бойынша жүргізілген тергеудің аяқталғанын мәлімдеген еді.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz