«Показуха деген осы». Қу шенеунік фотошоппен қоқыстың «көзін құртты» (фото)

0
131
Advertisement

Шенеуніктер өтірік есеп беру үшін түрлі қулықтарға баратын болды.

Ресейдегі халықтық фронт сарапшылары Ростов облысындағы шенеуніктің жалған есеп бергенін әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz ria.ru басылымына сілтеме жасап.

Рұқсат етілмеген жерлерге тасталған қоқыстарды тазалау жұмыстары туралы есеп берген шенеунік, жұмысының дәлелі ретінде жариялаған суреттерді фоторедактордың көмегімен өңдей салған екен.

«Суреттердің арасында бірін-бірі әр пиксельге дейін айнытпай қайталайтын фрагменттер табылды. Бұл сурет алдымен көшіріліп, сосын компьютерлік фоторедактордың көмегімен суреттің үстіне бірнеше рет салынған болуы мүмкін», — деді Халықтық фронттың Ростов облысы бойынша үйлестірушісі Алексей Мирошниченко.

Оның айтуынша, «шенеуніктер соңғы кездері өтірік есеп беру әдістерін ойлап табу жағынан түрлі қулықтарға баратын болды».

«Олар алдымен таза жерді басқа ракурспен, жылдың басқа мерзімінде түсіріп алады. Сосын редактордың көмегімен кейін пайда болған қоқысты «алып тастайды», болды — таза пейзаж дайын «, — деп қосты ол.

Аудан басшысы Виктор Талалаев «өтірікші шенеуніктің» жұмыстан шығарылғанын хабарлады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!



Zakon.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз