Пойызда домбыра шерткен өнерпаздар жолаушыларды елең еткізді (ВИДЕО)

0

Пойызда домбыра шерткен жас өнерпаздар жолаушылардың ықыласына бөленді, деп хабарлайды Kznews.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

№11 Алматы 2-Шымкент бағытындағы пойыздың №19 вагонында жолға шыққан дарынды домбырашылар «Turan» күйін орындаған.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 ақпанда 7 жас домбырашы мұғалімімен бірге Алматыдан Шымкент қаласына жарысқа жолға шыққан.

Сапар барысында балалар пойызда жарысқа дайындық жұмыстарын жүргізіп, вагон жолаушыларына өнерлерін көрсетіп, оларға керемет көңіл-күй сыйлады.

Видеода №11 пойыздың 19 вагонының жолсеріктері ұсынды.

Видео: https://www.instagram.com/reel/C3ut6cFouJJ/?igsh=b3ZmcGxpZTVyYzR6