Пойызда «бойжеткенді зорлады» деп айыпталған жолсеріктерге үкім шықты

0

Бүгін, 26 шілдеде Қостанайда «Тұлпар-Тальго» пойызында ақтөбелік бойжеткенді зорлады деп айыпталған екі жолсерікке үкім шықты. Судья Оразбай Сатыбалды айыпталушылар Жетес Үмбеталиев пен Қолғанат Құрманиязовты Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігі («Зорлық») бойынша кінәлі деп танып, 2,5 және 2 жыл үш айға соттады. Мұның алдында прокурор оларды алты жылға соттауды сұраған еді.

Үкімге сәйкес, айыпталушылар жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздік деңгейі орташа мекемесінде өтейді. Сотталушылар сот залында қамауға алынды.

Қылмыстық іске түрткі болған оқиға былтыр жыл соңында болған. Тергеу орындарының құжатына сәйкес, Нұр-Сұлтаннан Атөбеге бару үшін «Тұлпар-Тальго» пойызына мінген келіншекті түнде купеге өз кілттерімен кірген жолсерктер зорлаған. Кейін жәбірленуші «НеМолчиKZ» қоғамдық қорынан көмек сұраған. Ал қор жетекшісі Дина Смаилова бұл оқиға жайлы өзінің Facebook парақшасына жариялағаннан кейін көпшілік назар аударды.

Дина Самилова бүгінгі үкімге көңілдері толмайтынын, апелляциялық шағым түсіретіндерін айтады. Ол айыпталушылар «120-баптың – топ болып зорлаған деген ауырлау бөлігі» бойынша жазаға тартылуы керек деп санайды.

Белсендінің сөзінше, жәбірленуші сотқа қатыса алмаған, ол ауруханада ем қабылдап жатыр.



Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз