Пойыз рельстен шығып кетті, зардап шеккендер бар

0
Пойыз рельстен шығып кетті, зардап шеккендер бар


Барселонаға жақын маңда пойыз рельстен шығып кетті.

Бір адам қайтыс болып, 40-тан астам адам зардап шекті. Бұл туралы Каталонияның азаматтық қорғаныс басқармасы мәлім етті. Ведомствоның ақпаратынша, пойызда 130-дан астам жолаушы болған. Олардың арасында 41 адам жеңіл жарақат алды.

Пойыз жергілікті уақытпен таңғы сағат 06:16 кезінде каталондық Вакариссес муниципалитетінде рельстен шығып кетті. Салдарынан Тарраса қаласы мен Манреса елдімекені арасындағы қозғалыс тоқтатылды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, жедел жәрдем және құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп жетті.

Пойыздағы жолаушылардың барлығы қауіпсіз жерге шығарылды. Алдын ала болжам бойынша, жол апатына лай көшкіні себеп болған. Соның алдында Каталонияда бірнеше күн қатарынан нөсер жауын тоқтамай жауған болатын.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Видео авторы: euronews