пойыз апатынан қаза болған жүргізушінің анасы

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Оқиға орнында тіл тартпай кеткен қоғамдық көлік жүргізушісінің жақындары ешкімге кінә артпайды. Сотқа да шағымданбақ емес

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек — Sputnik. Алматы облысындағы жантүршігерлік теміржол апатынан  қаза тапқан жүргізушінің анасы баласын ешкім кінәламауын сұрайды.

Таяуда болған қайғылы оқиғадан соң тұрғындар өткелге жақындаудан қорқып қалған. Сондықтан ондаған адам жиналып атқамінерлерден тез арада көпір салып беруді талап етті, деп хабарлайды КТК.

«Өткелде әрдайым көлік кептеліп тұрады. Балаларымыз таңертең шығып кетеді. Кешкісін балаларымыз үйге кіргенше, 12-ге дейін бізге ұйқы, тыныштық жоқ. Оның үстіне, қауіпті өткелде қайғылы оқиға көп болады», — дейді Шамалған бекетінің тұрғыны Сәуле Есенғалиева.

Шамалғандағы трагедия: апаттан кейінгі жантүршігерлік кадрлар

Тұрғындардың айтуынша, былтыр сол маңда оқушы қызды пойыз басып кеткен.  

 Ал шенеуніктер іске енді білек сыбана кіріскендей. Халықпен кездесуге облыс әкімінің орынбасары келді. Ол көпір құрылысының қолға алынғанын мәлімдеді. Бағдат Мәнзоровтың мәліметінше, үлкен айналмалы көпір салуға шешім қабылданған.

Оқиға орнында тіл тартпай кеткен қоғамдық көлік жүргізушісінің жақындары ол «жолаушыларды құтқарамын деп құрбан болды» деп есептейді.

«Менің баламды ешкім кінәламасыншы. Ол өзінің жұмысын атқарды ғой. Сол адамдар үшін өзін құрбан етті ғой. Адамдарды түсіремін деп қаза болды», — дейді марқұмның анасы Симизар Саракова.

Қара жамылғандар ешкімге кінә артпайды. Сотқа да шағымданбақ емес. Десе де, елдің есін шығарған оқиғаға кінәліні тергеу анықтауы тиіс.

Шамалғандағы трагедия

15 қыркүйек күні кешке Алматы-Шамалған теміржол өткелінде «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызы мен Қаскелеңге бара жатқан рейстік автобус соқтығысты.

Соңғы мәлімет бойынша, бір адам – автобус жүргізушісі қаза болды, тағы үшеуі жан сақтау бөлімінде жатыр – ол 33 жастағы әйел мен екі баласы (үш және бес жасар).

Апаттың себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.



sputniknews.kz