Подполковникті ұстау операциясының видеосы жарияланды

0
6

Солтүстік Қазақстан облысында полиция полковнигі қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 2 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полиция полковнигін ұстады. Ол ірі көлемде пара алғанын мойындап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы ауданының судьясы парамен ұсталды – видео

Ресми мәліметке сәйкес, подполковник Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінде аса маңызды істер бойынша аға тергеуші болып жұмыс істеген.

«Ол қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 2 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Дәл осы іс 2020 жылы 8 ақпанда қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған болатын. Күдікті өз кінәсін мойындады. Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеуді қысқа уақыттың ішінде аяқтау жоспарланып отыр. Соңғы шешімді сот шығарады», – деді аға тергеуші Данияр Бигайдаров арнайы баспасөз мәслихатында.

Бүгін агенттік подполковникті ұстау видеосын да жариялады. Онда тергеушінің сөмкесінен қағазға оралған бір бума ақшаның шыққаны көрсетілген.



sputniknews.kz