Пластикалық ота жасатқан әйел өлімі: Алматылық хирург сотта жауап берді — новости Казахстана

0

Алматыдағы клиникалардың бірінде пластикалық ота жасатып, қайтыс болған украиналық келіншекке қатысты сот отырысы өтті. Ота жасаған хирург қайтыс болған әйелге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Дмитрий Писарев пен Дана Агамырадова. Фото: facebook и time.kz

Дмитрий Писарев пен Дана Агамырадова. Фото: facebook и time.kz

Айыптаушы тарап сараптама нәтижесінде Алматыда жасалған липосакция отасында өлімге алып келген бірнеше заңбұзушылықтарды тапқан.

Хирург Дмитрий Писарев әйелдің денсаулығында кінәрат барын анықтаған бойда, оған ота жасаудан бас тартпағаны үшін айыпталуда.

Дана Агамырадованың созылмалы бауыр гепатитімен ауыратыны анықталған.

Липосакция кезінде көптеген ережелер бұзылғандықтан, әйелдің өкпе тамырларына жиналған эмболия оның өліміне себеп болыпты.

Сондай-ақ, айыптаушы хирургтың ота жасамастан бұрын қажетті талдауды жүргізбегенін де айтты.

Марқұмның жақындары клиниканың арнайы техникалық аппараттармен толықтырылмағанын, отадан соң науқастың денсаулығына дұрыс қарамағанын мәлім еткен.

Ал бұл айыптауларға алматылық хирургтің өз айтары бар.

Дмитрий Писарев науқастың денсаулығына шағымданбағанын, украиналық азаматшаның әдемі мүсінге қол жеткізгісі келгенін мәлім етті.

Сондай-ақ, хирург Дана Агамырадоваға ота кезінде болатын оқыс оқиғалар мен отаны дұрыс жасамаған жағдайда қандай салдары болатынын түсіндірген.

Хирург пластикалық ота арнайы жоспармен жасалатындықтан, науқастың барлық тексерілуден өтетінін де жасырмады.

Украиналық келіншектің денесінен 2,5 литр майлы қабат алынғанын, бұл отаның орташа түрі болғандықтан тек дененің қажетті бөлігіне ғана анестезия пайдаланғанын айтты.

Науқас есін білгендіктен, өзінің жағдайының нашарлай бастағанын ескертуі керектігін де мәлімдеді.

Дмитрий Писарев өз сөзінде созылмалы гепатиттің отаға әсер ететінін, алайда Агамырованың жағдайында оның отаға әсері өте аз екенін де айты кетті.

Айта кетейік, украиналық азаматшаның өліміне қатысты сот процесі 22 қарашаға дейін созылады.