плакат үшін қамауға алынған Асия Тулесова аштық жариялады

0

Алматыдағы марафон кезінде плакат ілгені үшін жазаға тартылған белсенді Әсия Түлесова екі күннен бері нәр татқан жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір — Sputnik. Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі қамауда отырған белсенді Әсия Түлесованың аштық жариялағанына қатысты түсініктеме берді.

Сот шешімімен 15 тәулікке темір торға қамалған Әсия Түлесова әкімшілік қамауға алынған тұлғаларға арналған арнайы абақтыда отыр.

Ведомство мәліметінше, Әсия Түлесова 24 сәуірде астан бас тартқан, содан бері екі күн бойы тек су ішіп жүр екен.

Тағы оқыңыз: «От правды не убежишь»: министр Алматы марафонында ұсталған белсенділерге қатысты түсініктеме берді

«Дәрігерлер оның халін тұрақты бақылап отыр. Әзірге денсаулығына қатысты ешқандай шағым айтқан жоқ», — деп хабарлады прокуратура.

Әсия Түлесова өзінің қорғаушысымен 26 сәуірде сағат 10.20 мен 12.15 аралығында кездесіпті.

«Ә. Түлесова мекеменің ішкі ережелеріне сай арнайы абақтыда отыр. Ұстау режимі бұзылған жоқ. Бұл мәселені Алматы қаласының прокуратурасы бақылауда», — делінген хабарламада.

Әсия Түлесова не үшін қамауда отыр

Өткен жексенбі 21 сәуірде Алматыдағы ауқымды марафон кезінде белсенділер Әсия Түлесова мен Бейбарыс Толыбеков «От правды не убежишь» деген жазу мен #adilsailayushin, #уменяестьвыбор хэштегтері жазылған баннер ілді.

Полицейлер оларды ұстап әкетіп, сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алған.



sputniknews.kz