Пілге педикюр, маймылдың күтушісі, бегемоттың тізін тазалаушы: Алматы зоопаркіндегі ерекше мамандық иелері туралы білесіз бе? — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы зообағында пілдің тырнағына маникюр жасап, бегемоттың (су сиыр) тістерін тазалайтын мамандар бар. Олардың бірі маникюр-педикюрщик деген атқа ие болса, енді бірі «тіс тазалағыш ағай» аталып кеткен. Бұл жұмысы үшін олар қанша жалақы алады? Осы туралы Stan.kz ақпарат агенттігі мамандармен сөйлесіп, біліп қайтты.

бегемот

Григорий Береснев пілдердің тырнағына маникюр-педикюр жасайды. Күнде бірнеше сағат педикюр жасауға кетеді дейді.

піл

«Пілдердің аяғына жылына үш рет педикюр жасап тұрамыз. Аяқтарын тазалау қажет екенін өздері де біледі. Сол себептен еш қарсылық танытпастан аяқтарын береді. Тырнақтарын тазалау процесі ұзақ жүреді. Біз бірінші тырнақтарын жібітеміз, содан кейін ғана педикюр жасауға кірісемін. Жалпы пілдер күніне 80 шақырым жерге дейін жүріп отырады. Ал біздегілер қамауда тұрады. Сол себептен осылай педикюр жасап тұруымызға тура келеді. Аяғын тазалау процесі бір айға дейін созылады. Күніне бірнеше сағат педикюр жасаймыз», – дейді Григорий Бреснев.

кенгуруГригорий бұрын қарапайым құрылысшы болып жұмыс істеген. Таршылық заманында жұмыс таппай қалғанда зообаққа кипер-маман ретінде жұмысқа орналасыпты. Содан кейін өз жұмысын сүйіп істейтін болған.

«Жыртқыш жануарлармен жұмыс істеу қиын. Енді басқа не істейміз? Қаншалықты қиын болса да жұмыс істеуіміз қажет. Бірақ жануарларды балаларымдай жақсы көріп кеттім», – дейді.  

тіс тазалау

Ал бегемоттың тісін тазалап жүрген Ермұхамед Нұрғазиев зообаққа келместен бұрын ауылда 20 жыл көлік айдаған екен.

«Сусиырдың тісін аптасына екі рет тазалаймын. Оларда 36-40 тіс болады. Сусиыр тістерін тазалатқанды жақсы көреді. Одан сүйсінеді. Тіпті өздері ауыздарын ашып тұрады. Массажды жақсы көреді. Бірақ қауіпті аң болған соң да массаж жасай бермейміз. Қазір жуас болып тұрғанымен, біраздан кейін мінезін көрсетуі мүмкін», – дейді тіс тазалағыш кісі.

Ермұхамед жұмыстың қиындығына қарамастан жан-жануарлармен жұмыс істегенді жақсы көретінін айтады. Тіпті бегомоттың тісін тазалағанның өзі бір ғанибет дейді.

маймыл

Қымбат ханым жаңа туған маймылды баласындай етіп бағып-қағып өсіріп отыр. Ол зообақтағы бірнеше маймылдардың атасынан бастап кішкентайына дейін аттарын өзі қойған.

маймыл әйел

«Жануарларды жақсы көремін. Басында зообаққа мал дәрігері болып жұмысқа кірдім. Қазір маймылдар бөлімінің меңгерушісімін. Кішкентай маймылдарға анасы қарамай кеткенде өзім қолдан өсіремін. Таңнан кешке дейін сүтін беріп, памперсін күніне бірнеше рет ауыстырамын. Бұлар да адам сияқты», – дейді Қымбат ханым.

маймыл тамақ

Жыртқыш аңдар бөлімінің меңгерушісі Дәурен Кенжебаев аюларға тамақ береді. Айтуынша, олар күнделікті көріп жүрген өздерін әбден танып алған. Ал бөтен кісілер тамақ берсе, тістеп алады дейді. Жыртқыш аңдармен жұмыс істеу қиын болғанымен, олармен жұмыс істеу де қызықтығын айтады. Аюларға күніне жарты келі ет және балық еті беріледі екен. 

кішкентай маймыл

піл

Хайуанаттар бағындағы қызметкерлер көп жалақы алмаса да өз мамандықтарын жан-тәнімен беріліп істейді. Олар үшін айлықтың көп болуы емес, жануарлардың жағдайы маңызды.

аң

Дайындаған Анар Дәукен

 

 

 

stan.kz