Піл саябақ қызметкерін таптап өлтірді

0
Піл саябақ қызметкерін таптап өлтірді


Оңтүстік Африкада піл ойын алаңына кіріп, саябақ қызметкерлерінің бірін таптап өлтірген.

Марк Лотенбах Мадикведегі табиғи қорықта гид ретінде жұмыс істеген. Ол туристер жүрген саябақтан ашулы пілді қуып жіберуге тырысып баққан, алайда жануардың құрбанына айналды. Мамандардың айтуында салмағы алты тоннаға жуық пілдің ағзасында тестерон әдеттегі көрсеткішінен 10 есе асып кеткен.

Сарапшы еркек пілдердің бұл уақытта ұрғашы пілдерге шағылысуға дайын екендіктерін білдіретінін және осы кезде әсіресе ер адамдарға агрессия танытатынын айтады. Олардың мұндай күйі бірнеше апта немесе бірнеше ай жалғасуы мүмкін. Әріптестерінің айтуы бойынша, қайтыс болған Лотенбах саябақтағы ең үздік, біліктілігі жоғары және көп жылдық тәжірибесі бар маман болған.