Піл парк қызметкерін таптап тастаған

0
Оңтүстік Африка Республикасында құтырған піл ойын паркіне кіріп кетіп, парк қызметкерлерінің бірін таптап өлтірген.


 
Марк Лотенбах Мадикведегі табиғи қорықта гид ретінде жұмыс істеген. Ол туристер жүрген паркке баса-көктеп кірген пілді қумақ болған. Салдарынан өзі қаза тапқан. Мамандардың айтуында салмағы алты тоннаға жуық пілдің ағзасында тестерон әдеттегі көрсеткішінен 10 есе асып кеткен.
 
Сарапшы еркек пілдердің бұл уақытта ұрғашы пілдерге шағылысуға дайын екендіктерін білдіретінін және осы кезде әсіресе ер адамдарға агрессия танытатынын айтады. Олардың мұндай күйі бірнеше апта немесе бірнеше ай жалғасуы мүмкін.

Дереккөз: lenta.ru

Дереккөз: http://reactor.inform.kz