Пиар үшін сәтсіз күн: Алданған халық Арман мен Ашаға ұрсып тастады — Қазақстан жаңалықтары

0

Арман мен Ашаның «жыры» тура бір аптаға созылды. Шоу-бизнестегі ең жарасымды жұптардың бірі саналатын ерлі-зайыптылар 7 күн бойы елдің сауалынан қашып, көптің ойын сан-саққа жүгіртті. Қоңырбаевтың қоштасу туралы жазбасы көңілі күпті жанкүйерлерді одан сайын алаңдатып қойды, деп жазады Stan.kz.

Пиар үшін сәтсіз күн: Алданған халық Арман мен Ашаға ұрсып тастадыАл күні кеше Арман мен Ашаның құпиясы ашылды. Жұлдызды жұптың бейнебаянды жарнамалау үшін осындай қадамға барғаны анықталды. Мұны білген жанкүйерлер оларға ашуланып, жағымсыз пікірлерді қарша боратты. 

«Хайп үшін бұлай жасауға болмайды ғой, сіздерді бақылап, уайымдап отыратын қаншама шынайы адам бар», «ойыннан өрт шығып жүрмесін», «Бір клип үшін хайп жасап, отбасын талқыға салып, өтіріктен ажырасып… Ұят-ай, не болып барады, жақсы ән болса, хайпсыз-ақ хит болады», — дейді оқырмандар. 

Сондай-ақ, кей желі қолданушылары пиар үшін өте сәтсіз күн таңдалғанын атап өтті. 

«Сіздердің клиптеріңіз елімізде болып жатқан оқиғалардың тасасында қалып қойды», — дейді оқырмандардың бірі.

Естеріңізде болса, кеше, 19 наурыз күні сағат 19.00-де еліміздің тұңғыш президенті өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты. Ал Арман мен Ашаның құпиясы содан тура екі сағат бұрын ашылған болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz