Петропавлда жылу мен жарықты ысырапсыз пайдаланатын мектеп пайда болды
2018 жылғы 9 желтоқсан 15:31 37
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат -Петропавл қаласында қуат көзін үнемдейтін мектеп пайда болды. Оқу ордасы «Энерготиімділікті арттыру» жобасымен халықаралық қаржы ұйымының грантын жеңіп алып, жаңарту жұмыстары жүргізілдідеп хабарлайды «Хабар -24».
Енді білім ордасында жылу мен жарық ысырапсыз шығындалады. Бұл мектеп 80-жылы салынды. Биыл оқу ордасында жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жылу және жарық жүйесі жаңартылды.
Енді оқушылар бұрынғыдай бүрсең қағып отырмайды.
«Былтыр кейбір кабинеттерде суық болатын. Сондықтан қалың күрте киіп отыратын едік. Ал қазір мектеп жылы. Жылу мен жарық жүйесі қуат көзін үнемдейді. Жаңғырту жұмыстарына 92 млн теңге жұмсалды. Бұл халықаралық қаржы ұйымының гранты», -дейді мектеп оқушысы Елизавета Кравчук.
Бұл құрылғы жылуды автоматты түрде реттейді. Мектептің есік-терезелері де түгел ауыстырылды. Бұл білім ордасының энерготиімділігін арттырып, коммуналдық шығындарын азайтуға мүмкіндік берді.
«Энерготиімділікті арттыру» жобасымен Қазақстанның 25 әлеуметтік нысаны жаңғыртылды. Олар — мектеп, емхана және балабақшалар.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz