Петропавлда жолаушы толы автобус көше ортасында өртеніп кетті – видео

0
725

Он екі жолаушы қоғамдық көліктен өз күшімен шығып үлгерген

Петропавлда үш күн ішінде осымен екінші қоғамдық көлік түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Төтенше жағдай 11 мамыр күні болған. 101 телефон нөміріне сағат 10:29-да Петропавлдағы Интернациональная көшесінде 2А жолаушылар автобусының жанып жатқаны туралы хабар келіп түскен. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

https://www.instagram.com/p/BxT0HO0nThL/

«Қоғамдық көліктің он екі жолаушысы өз күшімен сыртқы шығып үлгерді. Өрт сөндірушілер дереу төтенше жағдай орнына аттанды. Олар келген кезде, яғни сағат 10:35-те автобус толығымен отқа оранған еді. Өрт 10:42-де сөндірілді, жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыды», – деп мәлімдеді ведомстводан.

Көлік түгі қалмай жанып кеткен. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Болжам бойынша өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Бұл осымен үш күн ішінде өртеніп кеткен екінші автобус. 9 мамыр күні Петропавл қаласында 8М қоғамдық көлігі жанып кеткен болатын. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

sputniknews.kz