Петропавлда ЖЭО-2 директоры мен бас инженері ұсталды

0

Петропавлда «ЖЭО-2» ЖШС директоры мен кәсіпорынның бас инженері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ақпаратты СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды kznews.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ЖЭО-2-дегі оқиғадан кейін құқық қорғау органдары қызметкерлері қылмыстық істі Қазақстан ҚК-нің 254 бабы бойынша тергеуге кірісті.

«Облыс прокуроры мен СҚО полиция департаментінің бастығы тергеу барысын бақылауға алды. Сонымен қатар, облыс прокуратурасы бақылаушы органдардың қызметіне талдау жүргізіп жатыр, нәтижелері бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне баға беріледі», — деп толықтырды СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі өкілі.

Бұған дейін Петропавлда ЖЭО-2 құбыры құлағаннан кейін үйінділерден жоғалғандарды іздеу жұмыстары сағат 21.00-де тоқтатылғаны хабарланды. Жоғалған әйел табылмаған.