Петропавлда жатақхана өртеніп, жас қыз көз жұмды

0

Петропавлда қаласының орталығындағы жатақханада болған өрттен тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Петропавлда қоғамдық тамақтану нысандары тексерілуде. Басты назар көп пәтерлі үйлерде орналасқан кафеге аударылды. Қалада мұндай 55 нысан бар.

Мониторингтік топтар газ баллондарын қолданатын мекемелерде де өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін мұқият тексереді.

Мұндай шаралара 21 ақпанда жатақхананың бірінші қабатында орналасқан кафеде газ баллоны жарылғаннан кейін қабылданған. Онда 20-ға жуық адам зардап шекті. Сол күні мекемені жалдаушы жан сақтау бөлімінде көз жұмды, сонымен қатар үйінді астынан қыздың мәйіті табылды.

«Бізде 91 нысан бар. Оның 75-і тексерілген. Екінші кезеңде базарларда және қоғамдық тамақтандырудың басқа да нүктелерінде, қонақ үйлерде, базарларда және т.б. құқық бұзушылықтарды түсіндіру және алдын алу бойынша мониторингтік топтардың жұмысын жүргізу жоспарлануда. Аталған бұзушылықтар бойынша тәртіп бұзушыларға хабарлама жолданды және оларды жауапкершілікке тарту туралы мәселе одан әрі қаралады», — деді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин.

«Бүгінгі таңда 5 науқас ем алуда. Екеуі — көпбейінді облыстық ауруханада, қалғандары — қалалық ауруханада.Екі науқас шығарылды. Бір аптадан астам уақыттан кейін трагедияның үшінші құрбаны туралы белгілі болды. Газ баллонының жарылуы кезінде денесінің 65%-ы күйген 21 жастағы қыз жан сақтау бөлімінде көз жұмды», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Қалиева