Петропавлда түнгі клуб жанында екі қызды қағып кеткен байдың баласы ұсталды

0
121

Петропавлда түнгі клуб жанында екі қызды қағып кеткен жүргізуші екі ай қашып жүріп ұсталды. Полиция мәліметінше, ол Ресейде жасырынып жүрген.

Петропавлда түнгі клуб жанында екі қызды (біреуі қаза тапты) қағып, екі ай бойы қашып жүрген жүргізуші Илья Старухин уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады.

«Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына 1991 жылы туған, 15 қыркүйекте «Новый Свет» кинотеатры алдында жол апатын ұйымдастырды деген күдік бойынша халықаралық іздеу салынған Старухин И.В. қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп мәлімет берді полиция бірқатар сараптама тағайындалғанын атап өтіп.

Естеріңізге сала кетсек, 15 қыркүйекке қараған түні Петропавл орталығындағы «Ударник» ойын-сауық орталығы маңында Lexus қатты жылдамдықпен екі қызды қағып кетті. Бұл аумақта бірнеше ойын-сауық мекемесі мен мектеп орналасқан, жылдамдық 10 км/сағ дейін шектелген.

Зардап шеккен қыздар ауруханаға жеткізілді.

25 жастағы Ксения Овсянникова өте ауыр жарақат алды – бас миына зақым келіп, қабырғалары сынған және ішкі органдары жарақаттанған. Оған тез арада операция жасалып, кейін жансақтау бөлімінде әл үстінде жатты. Қыз есін жимастан 11 күннен соң ауруханада көз жұмған. Ксенияның артында екі жасар қызы қалды.

Екінші қыз да бірнеше жарақат алып, үшінші қалалық аурухананың травматология бөлімінде болды. Қазір үйіне шыққан – ұзақ уақыт реабилитация кезеңінен өтуі тиіс.

Бастапқыда Lexus рөлінде 29 жастағы Петропавл тұрғыны, бұрынғы мемлекеттік қызметші болды деген ақпарат тараған болатын. Алайда ер адам көлікте ол емес, басқа адам – жергілікті кәсіпкерлердің бірінің ұлы Илья Старухин болғанын мәлімдеді, Lexus та соған тиесілі екен. Кейінірек полиция оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіге іздеу жариялады.

Белгілі болғандай, Старухин 15 қыркүйек күні апаттан кейін екі сағаттан соң Қазақстаннан кетіп, Ресей шекарасынан жаяу өтіпті.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!