Петропавлда түнгі клуб маңында екі қызды қағып кеткен Lexus жүргізушісі ұсталды — новости Казахстана

0

Полицейлер Петропавлдағы түнгі клубтарының бірінде екі бойжеткенді қағып, кеткен күдікті азаматты ұстады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: kp.crimea.ua

Көрнекі фото: kp.crimea.ua

«Петропавл қалалық полиция басқармасы, уақытша тергеу изоляторына 2018 жылдың 15 қыркүйек күні «Новый свет» кинотеатры маңында жол апатына себепші болғаны үшін халықаралық іздеу салынған Старухин И.В (1991 ж) жеткізді»,- деді полицияда.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345- бабы, 3- бөліміне және 347- бабына сәйкес сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Құқық қорғау органлдарның мәліметінше, бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалған. Олардың нәтижелері бойынша, сондай-ақ барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізгеннен соң материалдарды жан-жақты және объективті зерделегеннен кейін қылмыстық іс өндіріспен аяқталады.

Айта кетейік, қыркүйек айының ортасында Петропавлда Lexus көлігінің жүргізушісі екі қызды қағып кеткен. Жәбірленушілер ауруханаға жеткізіліп, артынша біреуі қайтыс болған.

Артынша күдіктінің жаяу қазақстандық шекарадан өткені, дәл сол түні Ресейге қашып кетіп қалғаны туралы ақпарат тараған болатын.


Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар