Петропавлда саяжайдағы өрттен ерлі-зайыпты ажал құшты

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

«Ракета» бау-бақша қауымдастығындағы саяжайлардың бірінен өрт шыққан

ПЕТРОПАВЛ, 20 маусым — Sputnik. Петропавлда саяжайдағы өрт салдарынан ерлі-зайыпты қаза болды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Игорь Балеев брифингте.

Осы аптада сәрсенбіге қараған түні Петропавл шетіндегі «Ракета» бау-бақша қауымдастығында орналасқан саяжай үйлерінің бірінен өрт шыққан. Оқиға орнында екі адамның денесі табылыпты.

«Ерлі-зайыпты – 1978 жылы туған ер мен әйел тұрмыстық газ құрылғысын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін бұзу салдарынан көз жұмды», — дейді Балеев.

Тағы оқыңыз: Алматыда монша өртеніп кетті — фото

Оның айтуынша, саяжай учаскелерінде өрт жиілеп кетті. Жыл басынан бері сегіз үй-жай өртеніп, үш адам қаза болған.

Айта кетсек, 2019 жылдың басынан бері өңірде 369 өрт болды. Құрбандар саны – 24 адам.

Тағы оқыңыз: Теміртау тұрғыны 11 жастағы баланы өрттен құтқарды



sputniknews.kz