Петропавлда құрылыс алаңынан 19 жастағы қыздың мәйіті табылды — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Петропавлда құрылыс жүріп жатқан үйдің алаңында 19 жастағы қыздың мәйіті табылды. Поли туралция қызметкерлерінің болжамы бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.
Фото: pkzsk.info
Қайғылы оқиға 8 наурыз күні орын алды. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстандық мемлекеттік университеттің бірінші курсында оқитын қыз өз-өзіне қол жұмсады деген болжам бар.
Студенттің денесі Петропавл орталығында салынып жатқан «Трио» комплексінің алаңынан табылды. Осы факт сотқа дейінгі Ортақ тізілімге енді. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысындағы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«ҚР ҚК-нің 105 бабы «Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу», 1 бөлігі бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалардың тізімі белгіленді», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта құрылыс тоқтатылды. Құрылысшылар мен техника жұмыс істеп жатқан жоқ.
stan.kz