Петропавлда оқушыларды балталамақ болған жасөспірімге қатысты тың деректер айтылды

0

Петропавлда мектеп оқушысының балта мен пышақпен шабуылының мән-жайы белгілі болды. №4 мектептің оқушысы шабуылдан қалай аман қалғанын айтып берді, — деп хабарлайды Хабар-24.

Жедел ақпарат бойынша, 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, оқушыларға дене жарақатын салған.

Зардап шеккендердің айтуынша, 9-сынып оқушысы қағаз бен мақтадан жасалған бетперде киіп, қолындағы балтамен оқушыларға шабуыл жасаған. 3 адам зардап шекті. Олардың бірі 10-сыныптың оқушысы.

«9-сынып оқушысы балтамен шабуыл жасады. Мен дәретханаға барғым келген. Есікті аштым, ол мені балтамен ұра бастады. Үстінде мектеп формасы, күртеше бар, бетперде киіп алған. Қолында балта, пышақ болды. Бір жігіт пен қызға тап берді. Жігіт 9-сынып оқушысы, ал қыз 10-сынып оқиды», — деді Владислав Горбаченко.

Зардап шеккен мектеп оқушысының айтуынша, жасөспірім үнсіз шабуыл жасаған. Барлығы санаулы минуттың ішінде болған.

Зардап шегушінің анасы Вера Горбаченко баласының басынан, мойнынан және кеудесінен соққы алғанын айтты. Ауруханада өзін нашар сезініп, қан қысымы көтеріліп, жүрегі қатты соға бастаған.

Әйел жасөспірімнің балтамен мектепке кіруіне жол бергендерге ашулы. Ол мектепті күзетіп, балалардың сөмкелері тексерілуі керектігін айтты.

«Ол балтаны сөмкесіне салып кіргізген. Балалардың сөмкесіне тінту жүргізілмейді. Оған ешкімнің құқығы жоқ, мұны жақсы білесіздер», — деп түсіндірді СҚО білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков.

Петропавл қаласының прокуроры Арман Нұртазиннің айтуынша, бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 1.14-тармағы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша қылмыстық құқық бұзушылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала ұсталды, онымен полиция жұмыс істеп жатыр.

фото: zakon.kz