Петропавлда әйел өзін ұрып-соққан сүйіктісін кешірді

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Петропавлда әйел өзін ұрып-соққан сүйіктісін кешірді. Ол бірнеше жері сынып, ауруханаға түскеніне қарамастан зәбірлеушіге наразылық білдірмепті

ПЕТРОПАВЛ, 19 ақпан – Sputnik. Петропавл қаласында әйел ғашықтар күні оны ұрып-соққан күйеуін кешірді, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«14 ақпанда түрлі жарақат алып, бірнеше жері сынған 32 жастағы қала тұрғыны ауруханаға түсті. Ол өзінің азаматтық некеде тұратын күйеуінен соққы көріпті. Дегенмен ол алған дене жарақаттарына қарамастан сол күні өзімен бірге тұратын ер адамға наразылығы жоқ екенін айтып, өтініш жазған екен», — деп хабарлады полиция.

Денсаулыққа қасақана орташа дәрежеде зиян тигізу фактісі қылмыстық кодекстің 107-бабы, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Ол айыппұл, түзеу не қоғамдық жұмыс немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

35 жастағы Петропавл тұрғынының адамға қол көтергені үшін жазаланатыны не жазаланбайтыны белгісіз, себебі әйел оны кешіріп отыр.



sputniknews.kz