Петропавлда Аяз Аталар аптасына 200 мың теңгеге дейін табыс табады
Қазір шаһарда Аяз Аталарға күніне жоқ дегенде он шақты шақырту түседі екен.
Елімізде жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын Аяз Ата мен Ақшақардың саудасы қыза түсті. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Қомақты ақыға мереке кейіпкерлері тіпті үйіңізге келіп, асыр салуға дайын. Мәселен, Петропавлда патша көңілді балаңыздың көңілін аулап, құттықтауы орта есеппен алғанда 2 мен 8 мың теңге аралығында.
Ал егер де мейрамханалардағы корпоративтік кештерге шақыртамын десеңіз, 15 минуттық бағдарлама үшін 15 мың теңгеңізді дайындай беріңіз. Мұнымен қоса таңертеңгіліктер тағы бар.
Қазір шаһарда Аяз Аталарға күніне жоқ дегенде он шақты шақырту түседі екен. «Бір апта ішінде 200 мың теңгеге дейін табыс табуға болады», – дейді.
Иван Гаврик: — Қазір көбіне таңертеңгіліктерге көптеп шақыртулар түсіп жатыр. Ал желтоқсанның 31-і күні үй-үйді аралап, балақайларды құттықтаймыз. Мен өзім екінші жыл қатарынан осы іспен айналысып жүрмін. Шыны керек, қазіргі балалардың көңілін көтеру оңай шаруа емес. Сондықтан маңызды науқанға бір ай бұрын дайындаламыз.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/