Петропавлда ағайындылар өз үйлерінде өртеніп кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Петропавлда барак типті үй өртеніп, екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

өрт«4 наурызда 00 сағат 55 минутта «СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ 101 пультіне жұмыс кентіндегі барак типті төрт пәтерлі тұрғын үй жанып жатқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті», — деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Оқиға орнына екі өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары шықты. Олар келген кезде үй толығымен отқа оранды. Ғимараттан , оның ішінде екі бала бар. Өртті сөндіру кезінде өрт сөндірушілер 1974 және 1978 жылы туған екі адамның жансыз денелерін тапты. Олар туысқан болып шықты.

«Өрттің болжамды себебі — аз калориялы от көздерін (сіріңке немесе тасталған темекі) абайсыз пайдалану. Веранданың жапсарлас құрылысы, ас үйдің төбесі, пәтердің шатыры қирады», — деп хабарлады департаментте.

 

 

stan.kz