Петропавлда 3 жасар қыздың өлімі: анасы 12 жылға сотталуы мүмкін

0

Петропавлда анасы ұрып-соққан үш жасар қыз көз жұмды. Соған байланысты әйелге қатысты қылмыстық істі басқа бапқа ауыстырды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан сайты.

27 ақпанда бұған дейін облыстық балалар ауруханасына дене жарақатымен түскен қыз қайтыс болды. Дәрігерлер 17 ақпаннан бастап оны аман алып қалуға тырысты.

Бұған дейін іс қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі («денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») негізінде қаралды.

«Қыздың қайтыс болуына байланысты қылмыстық құқықбұзушылық құрамы қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігіне ауысты. Бұл бап бойынша 8 жастан 12 жасқа дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», — деп түсіндірді полиция.

Осы қылмысты жасағаны үшін 1998 жылы туған баланың анасы ұсталды, оған қатысты бұлтартпау шарасы – күзетпен ұстау таңдалды. Күдікті қазір тергеу изоляторында.

Қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар қажетті сараптама тағайындалды.

Қылмыстық істі тергеу барысы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығының және прокуратурасының ерекше бақылауына алынған.