Петропавлда 23 жастағы Азия чемпионын автобус қағып өлтірді — новости Казахстана

0

Петропавлда зілтемірді жатып сығымдаудан Азия чемпионы Виктория Шестопалова жол оқиғасынан қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: m.pg12.ru

Көрнекі фото: m.pg12.ru

Аталған ақпаратпен Facebook әлеуметтік желісінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин бөлісті.

«Барлық спорт қоғамы өңіріміз бен еліміздің мақтанышы, жас спортшының дүниеден өтуіне қайғыруда. Біз марқұмның жақындарына көңіл айтамыз», — деп жазған Есеналин.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі 23 жастағы қыз қаза тапқан жол оқиғасы болғанын растады.

«21 қараша күні сағат 18: 00 шамасында Петропавлда, Жабаев-Чайковский көшелерінің қиылысында маршруттық автобус жүргізушісі облыстың 23 жасар тұрғынын қағып кетті. Алған жарақат салдарынан қыз қайтыс болды. Апат жағдайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деді баспасөз қызметі.

Қазір бұл іске қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалған.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар