Петропавл вокзалында теңге таусылды

0

Станцияға бірнеше күн бойы ресейліктер пойызбен келіп жатыр. Orda.kz тілшісі перронға соңғы пойыздан 500-ге жуық адам түскенін көрген. Келушілердің барлығы дерлік рубльдерді теңгеге ауыстырып жатыр. Бүгін вокзалда «теңге жоқ» деген тақтайшалар ілініпті.

Бұл ретте перронда валюта айырбастау үшін жоғары бағамды ұсынып жүрген азаматтарды кезіктіруге болады. Ал қаланың вокзалынан Алматыға дейін жол жүру құны 100 000 теңгеден басталады.

фото: nur.kz

http://t.me/orda_kz