Петропавл тұрғыны балаларының қол-аяғын байлап, жүксалғышқа қамап кеткен
Жоғалған балалар гараждардың бірінен табылды, әскери қызметкерлер маскүнем әкені түнгі үшке дейін іздеген
ПЕТРОПАВЛ, 10 мамыр — Sputnik. Петропавлда әскери қызметкерлер әкесі қол-аяғын байлап, автокөліктің жүксалғышына қамап кеткен балаларды құтқарды, деп хабарлады Қазақстан ІІМ Ұлттық гвардиясының 6637 әскери бөлімі.
Қазығұртта мас адам әйелін пышақтап, ұлын қуып жүріп күрекпен ұрған
Әскери қызметкерлерге әйел адам жүгіріп келіп, көмек сұраған. Ол жұмысқа кеткенде екі баласы әкесімен бірге қалғанын, алайда қайтып оралғанда күйеуі де, балалары да үйде болмағанын айтқан. Әйел күйеуі ішкілікке салынғанын жасырмаған.
Қала тұрғындары гараж кооперативі жақтан балалардың дауысын естігенін айтып, гвардиялықтарға көмектесті. Жоғалған балалар гараждардың бірінен табылды. Таңертең ер адам балалардың қол-аяғын байлап, автокөліктің жүксалғышына қамап, өзі ішуге кеткені анықталды.
Тағы оқыңыз: Бөлшектеп, үстіне бетон құйған: Атыраудағы сұмдыққа қатысты тың дерек шықты
«Біз жедел топты шақырып, екі куәгердің қатысуымен гаражды бұзып, көліктен байлаулы әпкелі-ініліні тауып алдық. Балаларды босатып, олардың әкесін түнгі үшке дейін іздедік», — деп хабарлады Қазақстан ІІМ Ұлттық гвардиясы 6637 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы екінші ротасы командирінің орынбасары Асхат Темірханов.
sputniknews.kz