Петропавл қаласының атауын өзгерту күн тәртібінде тұрған жоқ – СҚО әкімі
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов есептік брифингіде Петропавл қаласының атауы өзгеруі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.
«Қазір Петропавл қаласының атауын өзгерту күн тәртібінде тұрған жоқ. Қала тұрғындары бұл мәселені көтермейді, себебі оларға абаттандыру, дамыту маңыздырақ. Мысалы облыс орталығында 400 шақырым жолдың 40 пайызында асфальт жабыны жоқ, мұны тұрғындардың өзі айтып жүр. Спорт алаңдарын жасау керек. Сондықтан, қала атауын өзгерту тақырыбы бүгінгі күні көтеріліп отырған жоқ», — деді Ғауез Нұрмұхамбетов Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде.
Бұған дейін Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендер үшін жаңа шағынаудан салынатынын жазған едік. Өз кезегінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов табиғи апат салдары қалай қалпына келтірілгенін айтып берген болатын.