Петропавл полициясы әйелден 3,5 миллион теңгенің есірткісін тәркіледі

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Петропавл қаласында героин өткізу нүктесіне тосқауыл қойылды. Аса ірі мөлшерде алынған есірткі 3,5 млн теңгеге бағаланған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының есірткі полицейлері аса ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін заңсыз есірткі айналымы саласында бұрын сотты болған, жергілікті тұрғын әйелді ұстады.

Өткізуші оқшауланған өмір салтын ұстанып, есірткіні алдын ала келісу арқылы белгілі адамдарға өткізіп отырған. Ұстау барысында күдікті әйел жасырынып кетпекші болған, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Үйіне тінту жүргізу барысында 300 граммға жуық героин табылып алынды. Ұсталған тергеу изоляторына қамалды, оған қатысты «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, иемдену, сақтау, тасымалдау немесе есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу» қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды», — делінген ақпаратта.

Осы бап бойынша мүлкін тәркілеу мен он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Аса ірі мөлшерде алынған героин 3,5 млн теңгеге бағаланып отыр. 

 

 



sputniknews.kz