Петропавл әкімідігі 23 миллион теңгеге екі мықты көлік сатып алмақ

0
120

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Талаптарға сәйкес көліктер 2019 жылдан ескі болмауы тиіс

ПЕТРОПАВЛ, 22 мамыр — Sputnik. Петропавл әкімдігі екі қымбат көлік сатып алуға 23 миллион теңге жұмсағалы отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Хабарландыру 21 мамырда мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған.

«Тапсырыс беруші – «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» ММ «Петропавл қаласы әкімдігінің іс басқармасы» КММ» – делінген жалпы құны 22 миллион 920 мың теңге екі көлік сатып алу туралы хабарландыруда. Сонымен бірге көліктердің қандай болу керектігі де сипатталыпты.


©
Foto : скриншот

Петропавл әкімдігінің хабарландыруы

Талаптарға сәйкес көліктер 2019 жылдан ескі болмауы тиіс, деңгейі – С класс, қозғалтқыштың көлемі – 2,4 литрден кем емес. Сонымен қатар, кілтсіз ашу мен алдыңғы және артқы орындықтарды жылыту жүйесі болуы керек. Былғары салон, аудио жүйені пайдалану батырмалары, круиз-контроль, телефондарға арналған сымсыз қуаттау, рөлінде ұялы құрылғыларды қосатын Bluetooth интерфейсі және тағы басқа артықшылықтары болуы шарт.

Тағы оқыңыз: Ат мінемін деп бас дауға қалған Аян Дүйсенбаев қызметінен босатылды

Еске сала кетсек, 12 сәуірде Петропавл қаласының әкімі болып 46 жастағы Болат Жұмабеков тағайындалды.



sputniknews.kz