Петропавл әкімі қала атын өзгерту туралы петицияға қатысты пікір білдірді

0
432

Петропавл әкімі Болат Жұмабеков қаланың атын өзгерту туралы онлайн-петицияға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жұмабеков бұл петицияны мемлекет емес, жеке тұлға жасағанын атап өтті. 

«Мен, қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде Петропавл қаласының атауын өзгерту туралы онлайн-петицияның жақтастары мен қарсыластарының пікірталастары жүріп жатқанын байқадым. Бұл петицияны жеке тұлға мемлекеттік емес сайтта жасағанын атап өткім келеді. Мемлекеттік органдардың бұл бастамаға қандай да бір қатысы жоқ. Қала әкімдігінің күн тәртібінде қайта атау туралы мәселе көтерілмегенін ресми түрде мәлімдегім келеді», — деді Жұмабеков Facebook-парақшасында. 

Әкім бұл мәселе туындаған жағдайда да, оны қарау қалада тұратын халықтың пікірін ескере отырып, елдің ономастика саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілетінін айтады.

«Сондықтан мен азаматтарды өзара құрмет көрсетуге шақырамын және әлеуметтік желілерде пікір қалдыру кезіндегі жауапкершілік туралы еске салғым келеді. «Жаңа Қазақстанда біз әрдайым «әр түрлі көзқарастар, бірақ біртұтас ұлт» қағидатын ұстануымыз қажет», — деп айтқан болатын еліміздің Президенті Қазақстан халқына Жолдауында. Біздің қаламыздың тұрғындары Президентпен бірдей пікірді ұстанып және біз бір-бірімізге қатысты жоғары мәдениет танытатынымызға сенімдімін», — деді әкім.