Петропавл әкімдігі оқырмандары аз парақшаларға 15,7 млн теңге төлемек

0

Петропавл әкімдігі оқырмандары аз БАҚ-қа 15,7 млн теңге төлеуді жоспарлап отыр деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі zhest_kz_official телеграм арнасына сілтеме жасап.

«Nursultan news Интернет-БАҚ Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге арналған тендерге назар аударған. Лот сомасы-15 млн.723 мың 600 теңгені құрайды.

Басылымның хабарлауынша, лотты жеңіп алған жеке БАҚ Петропавл қаласы әкімінің бұрынғы баспасөз хатшысы, ал қазір мәслихат депутаты Руфия Мұстафинаға тиесілі. «Open Petropavlovsk » ЖШС 2021 жылғы 12 наурызда құрылды. Жас БАҚ-тың заңды мекен-жайы қалалық әкімдікпен бірдей.

Open Petropavlovsk 15,7 млн теңгеге Instagram, Facebook, Youtube және Вконтакте желілерінде ақпарат орналастырады деп болжануда.

Осылайша, Instagram-дағы Open Petropavlovsk ресми парақшасындағы жарияланымдар жазылушылардың көптігіне қарамастан 10-15 қаралым ғана жинайды, Vkontakte парақшасы мамырдан бері жаңартылмаған, Facebook-тегі парақшасында 190 жазылушысы бар»- дейді, телеграм арнасы.