Петербургте сот трангендер әйелдің жұмыстан босатылуын заңсыз деп таныды

0
50

Ресейде Петербургтегі Фрунзе аудандық соты трансгендер әйелдің жұмыстан босатылуын 9 сәуірде заңсыз деп таныды. Жұмысқа ер адам ретінде тұрған Анна Григорьева жынысын ауыстырып, жаңа паспорт алған соң жұмысынан шығарылған. Григорьеваның жұмыстан босатылуына Ресейде баспашы болып әйелдердің жұмыс істеуге тыйым салынғаны себеп.

«Выход» ЛГТБ бастамашыл тобының адвокаты, сотта Анна Григорьеваның мүддесін қорғаған Максим Оленичев соттағы жеңістің маңызы зор деп санайды. Оның сөзінше, екі жылға созылған сот процесі кезінде Ресей соты трансгендер әйелдің жұмыстан заңсыз қуылуына араша түскісі келмейтіндей көрінген. «Бірақ Ресейде алғаш рет трансгендер адам сотта өзінің еңбек құқығын қорғай алды» дейді ол.

Сот Григорьеваның жұмыс орнына 10 мың рубль (154 доллар) моральдық өтемақы және мәжбүрлі түрде жұмыста болмағаны үшін 1,8 миллион рубль (27,7 мың доллар) жалақы төлеуді міндеттеді. Адвокаттың пікірінше, «бұл жағдай басқа трансгендер адамдарға өзімнің еңбек құқығымды сотта қорғауыма болады деген үміт сыйлайды».

«Выход» ЛГБТ бастамашыл тобының адвокаты Ксения Михайлованың сөзінше, сот іске қағаз жүзінде емес, жағдайға кіре қараған.

Ресейде 456 мамандықта әйелдердің жұмыс істеуіне олардың бала тууына зардабы тимесі үшін тыйым салынған. «Бірақ нақты бұл жағдайда Григорьеваның еңбек құқығы бұзылған» дейді адвокат. Михайлова «шағымданушының баспашы болып жұмыс істей алар-алмасын білу үшін судьяның сараптама жүргізу туралы шешімін жоғары бағалаймын» дейді. Ол Фрунзе аудандық сотының шешімі «жұмыс беруші мен қоғам алдында осал» трангендер адамдардың «өз құқығын қорғай бастауына әсер етеді» деп санайды.

Azattyq