Петарданы кәмпитпен шатастырған әйел тіссіз қала жаздады

0

Әйел адам петарданы кәмпиттермен шатастырып, тіссіз қала жаздады. Себебі, петарда аузында жарылып кетуі мүмкін еді.

Британияның Рагби қаласының тұрғыны Лиза Бутройд петарда-отшашуларды кәмпитпен шатастырып алды. 48 жастағы әйел адам Fun Snaps деп аталатын кішігірім жарылғыш отшашу сатып алған. Әлгі отшашуға қатты бірнәрсе тисе болды жарылады екен. Дүкен сөресінде жарылғыш зат кәмпиттердің қасында тұрғандықтан, әйел адам шатасқан.

«Тәттіні» аузыма салып, кейін бірнәрсенің жарылып, тілім қатты ауырғаны әлі есімде», — деді әйел.

Медициналық тексеру барысында Лизаның ерні күйгені анықталды. Қуанышына орай, тісіне зақым келмеген.

Жәбірленуші сырты ұқсайтын жарылғыш зат пен тәттілердің дүкен сөресінде қатар тұрғанына наразы. Ол өзінің орнында бала-шағасы болса, олардың қатты зиян шегуі мүмкін екенін ескертті.