Песков Путиннің Назарбаевты не үшін бағалайтынын айтты — новости Казахстана

0

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ММХҚИ-нің студенттерімен кездесу өткізіп, Еуразиялық интеграция ЕАЭО басшылары ауысса да, дами беретінін мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

ria.ru

Фото:ria.ru

ЕАЭО-қа Ресей, Беларусь, Қазақстан, Армения, Қырғыстан елдері кіреді. Олардың қазіргі басшылары биліктен кеткенде не болады деген сұраққа баспасөз хатшысы жауап берді.

«Еуразиялық интеграция үрдісі барлық елдер мүддесіне сай келгендіктен, елдерімізді кім басқарғанына қарамастан ары қарай дами беретініне 100 пайызға сенімдімін», — деп жауап берді Песков.

Песковтың ойынша, еуразиялық интеграция жолында көптеген қиындықтар туындайды, себебі бұл бұрынғы Кеңес одағы территориясында жүргізіледі.

«Бірақ өмір осындай интеграцияның қажет екенін көрсетіп жатыр. Бұл бәріміз үшін тиімді», — деді баспасөз хатшысы.

Ол ЕАЭО-ны құру идеясын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынғанын еске салып өтті.

«Путин мұны біледі және жоғары бағалайды. Ол мұны оған үнемі айтады», — деп Дмитрий Песков баса атап өтті.