Перзентханадан ұрланған бала 55 жылдан кейін бір-ақ табылды

0
49

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жаңа туған сәби 1964 жылдың сәуірінде ұрланған, бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызды. Оны іздеуге полиция, ФТБ, тіпті пошта қызметкерлері жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Американың Мичиган штатында перзентханадан ұрланған сәби 55 жылдан кейін табылды, деп хабарлайды жергілікті WGN-TV телеарнасы.

Чикаго тұрғыны Дора Фрончак Пол есімді ұлын 1964 жылы 25 сәуірде дүниеге әкелген. Босанған күннің ертесіне палатаға медбике киімін киген әйел кіріп, дәрігерге қарату керек деген сылтаумен сәбиді алып кетіпті. Сөйтіп баламен бірге ұшты-күйлі жоғалып кеткен.

Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызды. Ұрланған сәбиді іздеуге полиция, федеральды тергеу бюросы, тіпті пошта қызметкерлері жұмылдырылды.

Екі жылдан кейін Нью-Джерсидің құқық қорғаушылары көшеден Дора Фрончактың ұлына ұқсайтын баланы тапты. Ол кездері ДНҚ анализінің технологиясы болмағандықтан, табылған баланың туыстығын құлағының пішініне қарап анықтаған.

Тағы оқыңыз: Бай ата-ана 5 жылдан бері перзентханада тұратын қызын әкетуден бас тартты 

2014 жылы генетикалық тестілеу ол баланың Фрончактың ұлы емес екенін көрсетті. Осыдан кейін федеральды тергеу бюросы іздеу жұмыстарын қайта жандандырды.

Перзентханадан ұрланған Пол Фрончак осыдан бірнеше ай бұрын ғана табылды. Телеарнаның ақпаратынша, ол қазір 55 жаста, Мичиган штатында тұрады. Қатерлі ісікке шалдыққан.

Тергеу аяқталмағандықтан, оны ұрлаған әйелге қатысты ақпарат жария етілмей отыр.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз