Home Жаңалықтар Перьм шахтасындағы өрт: Сегіз адамның денелері табылды

Перьм шахтасындағы өрт: Сегіз адамның денелері табылды

0
129
Перьм шахтасындағы өрт: Сегіз адамның денелері табылды


Ресейдің Пермь өлкесінде апат болған Соликамск шахтасынан сегіз адамның денелері табылды.

«Бірінші деңгейде құтқарушылар – екі адамның, екінші және үшінші деңгейде тағы алты адамның денелерін тапты», – деп мәлім етті Перьм өлкесі үкіметінің баспасөз қызметінен.

Барлығы шахтада тоғыз адам қалып қойған болатын. Баспасөз қызметі құтқарушылар жер астына түсуге тағы әзірленіп жатқанын жеткізді. Шахтадағы жекелеген өрт ошақтарын жою жұмыстары әлі де жалғасуда.

.

Дереккөз: inform.kz