Перизат Қайраттың AMANAT-қа қатысы бар ма? — депутат жауап берді

0

Мәжілістегі AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі, депутат Елнұр Бейсенбаев Biz Birgemiz қайырымдылық қорына қатысты пікір білдіріп, қордың партияға қатысы барын жоққа шығарды.

Бұған дейін аталған қордың құрылтайшысы Аманат Перизаттың ұсталғаны хабарланған. Оған 1,5 млрд теңге жымқырды деген айып тағылып отыр.

Тергеудің аяқталғанын күту керек. Сома да қомақты. Әрбір қайырымдылық қорының басшысы халықтан келген әрбір теңге үшін жауапты. «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының AMANAT партиясына қатысы жоқ. Қордың қамқоршылар кеңесінде жас волонтерлер болды. Бұл 3 жыл бұрын болған оқиға. Қазір олар белгілі бір жетістікке жетіп, кейбірі партия құрамына кірді, лауазымдарға ие болды. Ол кездегі жас балаларды волонтер, белсенді азаматтар ретінде білемін. Пандемия кезінде біз 600 мың азаматқа көмектестік, — Елнұр Бейсенбаев.