Пентагон шенеунігі контр-адмирал Суини қызметінен кетті

0

АҚШ қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы контр-адмирал Кевин Суини Пентагонда екі жыл жұмыс істегеннен кейін отставкаға кетті. Суиниге дейін қорғаныс министрлігінің бірнеше жоғары лауазымды қызметкерлері жұмыстан кеткен болатын.

Суини қарамағында істеген қорғаныс министрі Джеймс Мэттис қаңтардың басында қызметінен кеткен. Ол отставкаға кететіні жайлы өткен жылы желтоқсанның соңында, президент Дональд Трамп Сириядағы екі мыңға жуық АҚШ әскерін елге қайтаруға уәде еткеннен кейін іле-шала мәлімдеген. Мэттис хатында Трамптың аты-жөнін атамағанымен президент пен өзінің көзқарастары кей кезде, мысалы, одақтастардың маңызы және АҚШ-тың қуатын пайдалану мәселесінде үйлеспейтіндігін айтқан.

Оқи отырыңыз: Джеймс Мэттис отставкаға кететінін мәлімдеді

Генерал Мэттис отставка туралы хатында Қытай мен Ресейдің «экономика, дипломатия және қауіпсіздік салаларында басқа елдердің шешімдеріне вето қою құқығына ие болып, өздеріндегі авторитарлық модельге сәйкес келетін әлем құруды қалайтыны» жайлы ескерткен.

Дереккөз: Азаттық