Пентагон басшысы Қытайдың іс-әрекетін сынады

0

АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер Қытайдың Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы іс-әрекеті «тұрақсыздық тудырады» деп мәлімдеп, Пекинді сынады.

Эспер АҚШ қорғаныс министрі қызметіне кіріскелі алғаш рет шетелдік сапарында жүр.

4 тамызда АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен бірге Австралияның Сидней қаласында журналистер алдында сөйлеген сөзінде Пентагон басшысы Вашингтон Қытайдың «агрессиялық қылығын» қабылдамайды деп мәлімдеген.

Эспер мен Помпео Пекин Оңтүстік Қытай теңізіндегі аралдарды милитаризациялау саясатын жүргізіп отыр деп санайды. АҚШ қорғаныс министрі Қытай «аймақтағы күштердің ара салмағын басқалардың есебінен өз пайдасына өзгертуге тырысып жатқанда» Вашингтон бей-жай қарап отыра алмайды деген.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз