Пентагон АҚШ ұшағы құлағанын растады

0

Пентагон Ауғанстанның Ғазни провинциясында құлаған ұшақта бірнеше әскери қызметкер қаза болғанын растады. Reuters агенттігі Bombardier E-11A ұшағы тәлібтер бақылауындағы аумаққа құлағанын, оны атып түсіргенін тәлібтер мойнына алғанын хабарлаған.

Агенттік сілтеме жасаған, аты-жөнін жариялағасы келмеген тағы бір дереккөз де ұшақ қарсыластың әрекетінен кейін құлағанын растаған.

AFP агенттігі Bombardier E-11A ұшағы әскер, барлау және ұшқышсыз ұшақтарды басқаруға арналған мобильді торап қызметін атқарған. Кей деректер АҚШ-тың бес, кейбір деректер 10 әскери қызметкері өлгенін айтады.

Azattyq