Педофилдер мен кісі өлтірушілер Алматы облысындағы түрмеде жаппай төбелес шығарды

0

«Астана» телеарнасы Алматы облысындағы ЛА-155/14 орташа қауіпсіз мекемесіндегі тұтқындар арасындағы қақтығыстың жай-жапсарын анықтады, — деп хабарлайды KzNews.kz.

Алматы облысындағы қауіпсіздігі орташа мекемеде сотталған 15 адамдың арасында төбелес шығып, салдарынан үш адам жарақат алды. Дәрігерлер олардың жағдайы орташа ауырлықта деп отыр. Жалпы жанжалдың қалай әрі неден шыққанын әріптесім Әсем Лесбек дәл қазір бізге айтып беруге дайын.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Оқыс оқиға мына мен тұрған ЛА-155-те 14 қауіпсіздігі орташа мекемесінде болған. Түрме басшыларының айтуынша, тұтқындағылар өзара тілтабыса алмай, арты жаппай төбелеске ұласқан.  

Жанжал 20 мен 22 жас аралығындағы сотталушылар арасында туған. Олар негізінен педофил, адам өлтіру, ұрлық баптарымен түрмеге тоғытылғанған. Жаға жыртысқандар бір-біріне қару ретінде орындықты пайдаланыпты. Тәртіпсіздікті басу үшін сырттан Ұлттық гвардия мамандарын шақыртылыпты.

Сәбира МЫҢБАЕВА, ЛА-155/14 ҚАУІПСІЗДІГІ ОРТАША МЕКЕМЕСІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Он бес сотталғандар бір-бірімен тіл табыспай, бір-бірін түсінбеген. Осыған орай ерегістер басталған. Ерегіс барысында мекемедегі өздері қолданып жүрген орындықтарды лақтырған. Құралдарға қиянат жасаған. Ол бойынша заң талаптарына сәйкес олардан өндірлетін болады. Қазір бұл жағдай бойынша Қапшағай қаласының Полиция бөлімінің қызметкерлері анықтау мақсатында.

Заң бұзғандар тәртіптік изоляторға жабылған. Жанжалдан жарақат алған үш жазасын өтеуші қазір Қапшағай қалалық ауруханасында ем қабылдауда.

Айна МҰҚАНОВА, ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қапшағай қалалық ауруханасына ЛА 155/13 мекемесінен аурулар келіп түсті. Оның екеуінің жағдайы орташа ауыр халде болды. Оларға ота жасалды. Бірінің қолына екіншісінің бет жағына. Бүгінгі күні жағдайлары қалыпты. Ешқандай өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Жауаптылар түрмеде жағдайдың тұрақталғанын айтты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін колонияға арнайы прокурор мен қоғамдық-бақылау комиссиясының өкілдері келгенін мәлімдеді.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Сондай-ақ бұл жағдай бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу басталған. Қызметтік тексеріс барысында қақтығыстың нақты неден пайда болғаны анықталмақ. Мамандар бассыздыққа жол бергендердің кінәсі дәлелденсе жаза үстіне жаза арқалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.  

Ә. Лесбек