Педиатрия орталығының КТ, МРТ бөлмелері жаңа кейіпке енді
Фото: Автор
Алматы, BAQ.KZ. «Здоровая Азия» қоғамдық қоры мен еріктілер тобынан құралған суретшілер бір күннің ішінде Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында орналасқан КТ, МРТ бөлмелерінің келбетін өзгертіп, қабырғаларына әдемі суреттер салып берді.
«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының» хабарлауынша ауыр дертке шалдыққан балалар енді, бұл медициналық аппараттардан қорықпайтын болады және әр бала тексерілуден соң арнайы «Батыр бала» жәшігінен қалаған сыйлығына ие бола алады.
«Балалар бірінші бөлмеде ғажайып ғарыш кеңістігіне енсе, екінші бөлмеде су асты әлемінде болғандай болады. Ашық та қанық түстермен салынған көркем де әсем суреттер, кез-келген баланың көңілін көтеретініне сенеміз. Жақсылық жасаудан аянбайтын «Здоровая Азия» қоғамдық қоры мен бөлмелерді әсемдеген талантты да шебер ерікті-суретші қыздарға үлкен алғысымызды білдіреміз», -дейді орталықтың баспасөз хатшысы Назира Жұмақұлова.
Фото: Автор
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ